Жас оқытушыларға арналған оқыту әдістемелік семинары

14 наурыз 2016 жылы «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің оқытушыларына «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының доценті Ким Элина Павловна М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің академиялық мәселелері бойынша Департаментімен ұйымдастырылған жас оқытушыларға арналған  оқыту әдісетемлік семинар бағдарламасымен мастер-класс өткізілді.

Мастер-класс мақсаты жас оқытушыларды «дөңгелек стол» нысанындағы семинар сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу әдістемесін үйрету болып табылады.

Семинарға қатысушы жас оқытушылар  «дөңгелек стол» қатысушысы ретінде «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» атты тақырыптағы сабаққа белсенді түрде қатысты.