Жастар жылының ашылу салтанаты

       2019 жылдың 23 - қаңтар күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ професор оқытушы құрамы мен студенттері "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атты Жастар жылының ашылу салтанатын тікелей эфир арқылы тамашалады. Форум жұмысына Елбасы Н.Назарбаев қатысып, жастардың әр саладағы жетістіктеріне күә болып, өзінің ой - пікірлерімен бөлісті.          М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері Президенттің жастарды қолдау туралы айтқан бастамалары алға ұмтылуға қанат бітірді дейді. Ал Жастар жылына орай осы университеттің мыңға жуық жас ғалымы өз жобаларын қорғап, патенттеп оны нарыққа шығармақ. Айта кетерлігі, бүгінде Шымшаһардағы жастар саны қала халқының 24 пайызын құрайды. Яғни мегаполисте 241 мыңнан астам жас бар. Алдағы уақытта олар 20-дан астам түрлі шараны ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

   

     Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында оны – Жастар жылы деп жариялаған болатын Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.