"Жомарт жүрек"

         22.02.2019 ж. күні сағат  12-00 де  № 7 Спатаев атындағы мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Атамекен" арнайы жобасының "Жомарт жүрек" белсенді азаматтар мен демеушілерді, бизнес құрылымдарды, кәсіпкерлерді туған жеріндегі өз мектептерін дамытуға ынталандыру аясында меценаттық дамыту жобасының кіші бағдарламасының іс-шара жоспары негізінде, "Жомарт жүрек" әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық, демеушілік көмек ұйымдастыру іс-шарасына қатыстық.  

 

Сонымен қатар "Жомарт жүрекке -мейірімділік тілек" оқушылармен бірлескен қайрылымдылық концерт және "Туған жерді, алтын ұяңды түлету-перзенттік парыз!" атты тақырыбындағы меценаттармен кездесу өтті. Іс-шарада балаларға  ыстық лебіздер мен ізгі тілектерді жеткізіп, сый сыяпаттарды  (2 оқушының формасы, ойыншықтар) табыс еттік. Тағылымы терең, мәні зор іс-шара барысында демеушілер 17 оқушыға (тұл жетім)   қажетті киім-кешектер т.б. сыйға тартылды.

         Іс-шараның мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу. Жүрекке жылулық сезімін сыйлау,  игі істер өскелең ұрпақтың санасына қайырымдылық пен бауырмалдық ұғымдарын қалыптастыру.

         Жастар жылында – жастарға қолдау көрсету мен қатар жетімдерімізді де    жебей жүрейік! Барлығымыздың отанымыз бір, елімізде дүниеге келген әр бір   сәби біздің ұл-қыздарымыз, біздің отандасымыз!