«Жыл студенті – 2016»

   

       12.12.2016ж. күні, сағат 11.00–12.30 аралығында "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің  ОПҚ және белсенді студенттері М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының «Акт залында» «Жыл студенті – 2016» салтанатты марапаттау рәсіміне белсенді қатысты.

       «Жыл студенті – 2016» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау үшін М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Оқу ісі және ақпараттық технологиялар» жөніндегі проректоры Байболов Қанат Сейітжанұлы шықты. 

        Нәтижесінде М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Жыл студенті – 2016» байқауындағы марапаттаулардың 25-номинациясының ішінде «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті «Үздік блоггер» номинациясы бойынша ЮМ-16-3к тобының студенті, "Заңтану және халықаралық қатынастар" факультетінің «СӨӨБ СК» пиар-менеджері Әлімбай Лаура Болатқызы жеңімпаз атанды.