«Жыл тәлімгері – 2016» байқауы

  

          23.12.2016ж. күні, сағат 10.00–12.00 аралығында М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының «Акт залында» «Философия» кафедрасының аға оқытушысы, «Тұңба» студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі, ф.ғ.к., ЮМ-16-1р2 тобының тәлімгері Шалдарбекова Айша Бахташқызы М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті тарапынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып өткен «Жыл тәлімгері – 2016» факультетаралық байқауының III- ақтық кезеңінде өнер көрсетті.

          Нәтижесінде М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаменті тарапынан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып өткен «Жыл тәлімгері – 2016» факультетаралық байқауының «Бас жүлдесін» «Философия» кафедрасының аға оқытушысы, «Тұңба» студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі, ф.ғ.к., ЮМ-16-1р2 тобының тәлімгері Шалдарбекова Айша Бахташқызы жеңіп алды.